Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Тақырыпты Комитет отырысы

18 мамырда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында әлеуметтік – мәдени даму комитетінің "Бұқаралық және балалар спортын дамыту - салауатты ұлтты қалыптастырудың негізі" атты кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс жұмысына депутаттар, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстанның мектеп спорт федерациясының өкілдері және сарапшылар қатысты. Кездесу барысында депутат Г. А. Нұрымова елімізде бұқаралық спортты дамытуға байланысты бірқатар өзекті мәселелерді атап ұсыныс берді:

Жылдан жылға осы мәселені шешу үшін қомақты қаржы бөлінуде, үлкен жобалар, бағдарламалар әзірленіп, енгізілуде. Мен назарыңызды өте қарапайым, арзан, пайдалы, тартымды және қызықты бұқаралық спорт түріне аударғым келеді – бұл Street Workout. Бұл спорт түрі – балалардан қарт азаматтарға дейін тартымды екендігі белгілі. Street Workout-ты пайдалану өте оңай, сабақ кезінде қиындықтар туғызбайды, қол жетімді - өйткені сіз өзіңізді еркін ұстай аласыз, ең бастысы - сабақтар үнемі және таза ауада өтеді! Осындай спорт алаңдарымен қалалар мен ауылдарымызды жабдықтау бір реттік бұқаралық іс – шараларды өткізуге немесе миллиардтаған үлкен спорт кешендерін салуға қарағанда әлдеқайда арзан болады және адамдарды салауатты өмір салтына тарту мақсатына жету үшін әлдеқайда тиімді. 

Велоспорт бүгінгі күні халық арасында танымал. Оны балалар да, ересектер де бағалады - ұтқырлық пен жылдамдық, ыңғайлылық, таза ауа, жағымды эмоциялар – бұл керемет. Бірақ бір мәселе шешілмеген -веложолдар жетіспейді.  Веложолдарды ашуға ақаражат салу керек деп ойлаймын.

Өз ұсыныстарын депутат Г.Нұрымова отырыс қорытындысы бойынша Комитеттің ұсынымдарына енгізді.