Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сөздері, мақалалары, жариялымдары

28 мамырда депутат Нұрымова Г.А. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығының "Білгеніңмен бөліс" жобасы бойынша іс-шараға  қатысты және қатысышылардың алдында сөз сөйледі. АДЖ менторлық жобасы бірнеше жылдан бері табысты іске асырылып келеді. "Білгеніңбен - бөліс" жобасы да менторлық формалардың бірі.  Жобаға сәйкес Тараз қаласы мен облыс аудандарының 30 ментор-кәсіпкерлері "Еңбек" бағдарламасы бойынша 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар алғандар қатарынан көп балалы аналарды оқытады (2020 жылғы алушылар – бизнесті кеңейту, 2021 жылғы алушылар – бизнесті іске қосуға көмек көрсету). Көрсетілген практикалық көмектің нәтижесінде Жамбыл облысында 60 әйел кәсіпкерлік нысаны ашылады, оның ішінде 30-ы Тараз қаласында және 30-ы облыс аудандарында. Жобаны іске асыру барысында көп балалы аналар қаржылық сауаттылық бойынша тренингтер, психология бойынша тренингтер, SMM-жылжыту және жарнама бойынша тренингтерге қатысады, қолданыстағы объектілермен танысады. Сонымен қатар, тәлімгерлердің облыстың 10 ауданына баруы, жеке консультациялар мен тәлімгерлік жоспарлануда. Оқыту келесі бағыттарда өтеді: қызмет көрсету саласындағы бизнес (тігіншілер, бьюти-салондар, наубайшылар, кондитерлер, клининг), а/ш бизнесі (құс шаруашылығы, мал шаруашылығы), сауда, интернет-дүкендер, жеке мектеп (мамыр-маусым). Нәтижесінде облыста 60-қа жуық бизнес-кәсіпорын ашылады. Бұл "Nur Otan" партиясының Жол картасының «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, отбасылық жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылдау» атты 6-тармақты іске асыру бойынша кезекті қадам.