Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Әлеуметтік желілер

    4 маусымда депутат Г. А. Нұрымова «Депутатқа сұрақ қой» тікелей эфирін өткізді. Әнгіменің басында депутат бірінші сессия барысында Мәжілістегі өз жұмысы туралы қысқаша айтып берді. Ол өзі жұмыс тобының мүшесі болған топтарда қарастырылған заң жобаларына егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, жұмыс топтарының қарауына енгізілген кейбір заң жобаларына ұсыныстар, түзетулер туралы айтты. Сонымен қатар, Мәжілістің жалпы отырысында жобаларды талқылау кезінде әзірлеушілерге жолданған мәселелерге тоқталды. Депутаттың бірнеше сөзі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жұмысына арналды, эфир қатысушыларын комитеттің өткізіліп жатқан іс – шаралары -дөңгелек үстелдер мен кеңейтілген тақырыптық отырыстар туралы таныстырды. Қазір депутат «Денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру мәселелері және перспективалары туралы» тақырыбына дөңгелек үстел дайындаумен айналысуда. Цифрландыруға байланысты кейбір мәселелерге қысқаша тоқталып, осы мәселенің өзектілігін атап өтті. Г.А. Нұрымова депутаттық сауалдарды жариялау жұмысына ерекше назар аударды, кейбіреулері туралы толығырақ айтып берді. Олардың басым бөлігі денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларға - медицина кадрларының тапшылығы, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, МӘМС жүйесінің проблемалары, ерте жүктілік мәселелері, "ДамуМед" ақпараттық жүйесіне қатысты цифрландыру мәселелері, азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселелері, медициналық қызметті лицензиялау проблемасы туралы мәселелерге арналды. Бірінші сессия жұмысының алдын ала қорытындылары туралы айтты. Эфирге қатысушылар Мәжіліс депутаты лауазымында Г.А. Нұрымованың қызметіне қатысты, өңірмен кері байланыс туралы, ковидке қарсы вакцинациялауға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.Барлығы тікелей эфирде 176 адам қатысты.