Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азаматтарды қабылдау

    14.09.21. депутат Нұрымова Г.А. "Nur Otan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Қабылдау бейне-конференцбайланыс форматында өтті, онда 8 адам - Ақмола, Қызылорда және Жамбыл облыстары және Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары жазылған.

    Партияның көмегіне жүгінгендердің арасында Жамбыл облысы Қордай ауданында "Асар" өңірлік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына қатысты, еңбек даулары мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау, мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бойынша кезектілік проблемалары бар азаматтар болды. Барлығын тыңдап – шешім қабылдау болды. Қызылорда облысының үш тұрғынының мәселелері  бойынша шешім сол уақытта қабылданды. Кейбір азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріліп, консультативтік сипаттағы ұсыныстар айтылды.

    Бірқатар мәселелер одан әрі қарауды және тиісті уәкілетті органдарға жүгінуді талап етеді. Қабылдауға қатысқан азаматтардан жұмысты жалғастыру үшін өтініштер қабылданды.