Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Конференция

    Бүгін депутат Г.Нұрымова Астана медицина университеті Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетімен, Еділ экономика, педагогика және құқық институтымен бірлесіп ұйымдастырған "Медицина және құқық: реттеу және сот практикасы" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты. Медицина жүйесі үшін өзекті тақырып көптеген қатысушыларды - мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, медициналық, заң қоғамдастықтарының өкілдерін, дәрігерлерді, адвокаттарды, медиаторларды, сарапшыларды жинады. Конференция жұмысына жақын және алыс шетелдерден – Ресей, Украина, Литва, БАӘ әріптестері қатысты.

    Форум пікір алмасуға, адам өмірі мен адам денсаулығын құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін, медициналық құқық туралы, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы, медициналық көмек көрсетумен байланысты қатынастарда құқықты теріс пайдалану туралы, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу проблемалары туралы және т.б. мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік берді.

    "ҚР заңнамасына сәйкес медицина қызметкерлерінің жауапкершілік шаралары. Мәселелер және оларды шешу жолдары" деген тақырып бойынша депутат сөз сөйледі. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік тақырыбы медициналық қоғамдастықтың қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен бірге маңызды әлеуметтік және құқықтық проблема болып табылады. Сондықтан медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, атап айтқанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу мәселесі бүгінгі күні өте өткір болып отыр.

    Бұл мәселені медициналық ұйымдардың өкілдері, дәрігерлер, сот медициналық практикасының заңгерлері көтереді. Әрине, бұл мәселе әрі қарай қарауды және шешуді талап етеді.