Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Еңбек ұжымдарымен кездесулер

    Келесі кездесу Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпсалалы ауруханасының медицина қызметкерлерімен болды. Сөз сөйлеуден кейін елімізде басталған саяси реформаларды түсіндіріп, партия құрылымындағы өзгерістер мен алдағы жұмыс туралы айтып берді, кейін медицина қызметкерлері мен аурухананың маңызды проблемалық аспектілерін талқылады.Ең алдымен, пандемияның қиын кезеңінде осы аурухананың ковидтік бөлімі бұрынғы Рамада-Плаза қонақ үйінің ғимаратында жұмыс жасап және 52% (!) ковидпен ауыратын азаматтарды осы аурухананың қызметкерлері емдедегенін атап өткім келеді! Бұл үшін оларға үлкен алғыс білдірді. Енді қордаланған мәселелерге көшсек, ең алдымен аурухана шұғыл күрделі жөндеуді қажет етеді!
- аурухана корпустары 1957-1964 жылдары салынған және аянышты жағдайда;
- бүгінгі күні дәрігерлер көрсетіп отырғандай, белгіленген тарифтер көрсетілген қызметтердің құнын өтемейді;
- МАЖ-дың жетілмегендігі нашар және сирек жұмыс істейтін РСБ сияқты медицина қызметкерлері үшін көптеген проблемалар туғызады;
- қызметкерлер өте маңызды мәселені көтерді – медициналық қызметкерлерді негізсіз кіналайтын азаматтардан қорғау.
    Сонымен қатар, оларды маскүнемдерден, физикалық және құқықтық қорғау. Өйткені, бүгінгі таңда біздің қоғамда мұндай үрдіс бар. Медицина қызметкерлерінің жұмысына аздап наразы болған кезде біздің отандастарымыз барлық дәрігерлерге қарсы заманауи қаруды – әлеуметтік желілерді қолданады. Оларға қызмет көрсетуін жоғары кәсібилікпен және өз міндеттерін адал орындағанымен де, медбикелер де, кіші медқызметкерлер де, дәрігерлер де әлеуметтік желілерді қолданушылардың жағымсыз комментарийлерінің астында қалуы мүмкін. Олар пациенттер сияқты адамдар. Бүгінде акушер-гинекологтар, хирургтар, анестезиологтар тб өз мамандығынан кетіп жатыр. Себебі олар тексерулердің, түсіндірмелердің, баяндамалардың және т.б. үздіксіз дауылына ұшырайды. Оларды моральдық тұрғыдан басады. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат бергені үшін ешкім жауапты емес, тек дәрігерлер зардап шегеді. Сондықтан бүгінде біздің ауруханалар орта және кіші медициналық кадрлардың тапшылығын сезінуде. Адамдар төмен жалақыға жоғары жауапкершілікті алғысы келмейді, оларға жан тыныштығы үшін сұлулық салондарында, медициналық стоматологиялық кабинеттерде жұмыс жасау оңайырақ. Қызметкерлермен шынайы әңгіме дүкен құрылды. Депутатқа медициналық ұйымдардың және олардың жұмыс күшінің мәселелері өте түсінікті және ол оларға жақын. Сондықтан осы аталған және басқа да мәселелерді шешуге бар күш-жігерін салады.