Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Заманауи қоғамдағы дәрігердің мәртебесі"

Осындай тақырыпта Алматыда медицина мамандарының мәртебесіне қатысты конференция өтті.

Өте өзекті тақырыптардың тиегін ағыттық. Елдегі соңғы оқиғаларға да соқпай өтпедік. Талғардағы оқиға ел есінде. Мұндай жағдайлар қоғамда қайталанбауы тиіс.

Күн-түн демей жұмыс істейтін мамандардың бірі де, бірегейі де - дәрігерлер. Ал оларға күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау - қалыс қалған қоғам мен сананың төмендігі. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мемлекет тарапынан бөлек, әрбір қарапайым азаматтың қарым-қатынасынан басталса керек.