Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқыладық.

Статистикаға сүйенсек, елімізде күн сайын 110 адам иттердің шабуылынан зардап шегеді. Сондықтан аталған заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсындық.


Айталық, көшеде жүрген қаңғыбас иттерді ұстап, оларды 60 күннен кейін ұйықтату керек. Егер олардың иесі іздеп келсе, жануары кері қайтарылады.

Сондай-ақ, жиында қоғам белсенділерімен бірге иттерді стерилдеуді талқыға салдық. Бүгінгі күні Тараз қаласында қаңғыбас иттер қаптаған. Ал, шаһарда иттерге арналған 400 орындық панажай бар. Бірақ онда небәрі 12 бұралқы ұсталған. Ал, оған бюджеттен 37 млн теңге қаржы бөлінген. Адам өміріне қауіп төндіретін бұралқыларды дeр кезінде стерилдеу керек деп ұсыныс білдірдім