Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру және өңірлік БАҚ, оның ішінде баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау туралы кеңейтілген отырыс өтті.

МЕМЛЕКЕТ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАП ОТЫР?

Елімізде 4 мыңға жуық газет-журнал шығарылады. Оның 70% яғни, 2 мыңнан астамы – мерзімді баспа басылымдары. Қолдау жетіспегендіктен жабылып тынып жатқандары да жоқ емес.

БАҚ құралдарының адам санасын жаңғыртуда айрықша орны бар. Қоғамға хабар таратуда маңызды міндет атқарады.

Бүгінгі баспа ісінде шешімі табылуы тиіс бірқатар мәселелер бар. Газеттерді жекешелендіруді тоқтату керек. Тендерге тұсаулап, тапсырысқа байлап қоюға болмайды. Отырыста осы мәселелерді айтып, төмендегі проблемаларға тоқталдым. Мәдениет және ақпарат министрлігі мәселеге баса мән беруі тиіс.