Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтті.

Біз мақұлдаған заң жобасының негізгі нормаларының бірі – энергиямен жабдықтау саласындағы делдалдарға қатысты. Енді ештеңе өндірмей, станциялармен салыстырғанда кемі 3 есе пайда көріп отырған делдалдар жойылады.

Сондай-ақ, отырыс барысында мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасының бірінші оқылымы өтті.

Бұл жоба мемлекеттік сатып алу ісін жеңілдету үшін “бірыңғай сатып алу платформасын” құрып, сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында, ең алдымен шағын және орта бизнес субъектілерімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін енгізу ұсынылды. Ал, ең маңыздысы - конкурсты өткізу мерзімі 2 айдан 1 айға дейін қысқарады.

Сонымен қатар, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың шекті мәндері белгіленеді. Ол бойынша тауарларларға 100 АЕК - ке дейін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша 500 АЕК-ке мөлшеріне дейін сатып алу нормасы бекітілмек.