Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Азаматтардың, медицина қызметкерлерінің және денсаулық сақтау ұйымдарының өзара қарым-қатынасы: әкімшілік-құқықтық аспектілері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға онлайн қатыстым.

Бұған дейін өздеріңіз білетіндей өзім жетекшілік еткен заң жобасы жайлы айттым. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қазір Президент қарауында.

Аталған құқықтық құжатты әзірлеу аясында медициналық мамандардың мәртебесі, кәсіби жауапкершілігі және вейбтерге тиым салу тақырыбында жүргізілген жұмыстарға тоқталдым.

Бұдан бөлек "Азаматтардың, медицина қызметкерлерінің және денсаулық сақтау ұйымдарының өзара қарым-қатынасы: әкімшілік-құқықтық аспектілері" бойынша әріптестермен пікір алмастық.

Бұл конференцияның берері мол, өте маңызды мәселелер қаралды. Алда жалғасын таба беруіне тілектеспін.