Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің пленарлық отырысында Әділет министрлігі, Сот әкімшілігі мен Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сауал жолдадым.

Сондай-ақ жалпы отырыс барысында мопед жүргізушілерін жол қозғалысының толыққанды қатысушыларымен теңестіруді бірінші оқылымда мақұлдадық.

Негізгі заң жобасында шағын электрлі көліктер мен көліктердің жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылды. Бұл мопедтерді пайдалануға және қозғалыс ережелерін реттеуге мүмкіндік береді. Олардың жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Бұл норма мас күйде мопед қолданған жүргізушілер санын, мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен жарақат алуды азайтуға бағытталған.

Мопедтерді басқару үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді, «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алады, жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Сонымен қатар көлік құралдары жүргізушілері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет.

Тағы бір жағымды жаңалық. Енді заң қабылданса даңқты жерлес батырымыз Бауыржан Момышұлы атындағы мемлекеттік награда беріледі. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады.

Заң мақұлданса «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаев есімдерін беру жөнінде толықтырулар енгізіледі. Бұл - жауынгерлерімізді мәңгі есте қалдыруды мақсат тұтады.

Заң мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған. Мәжіліспен қабылданған Заң Сенаттың қарауына жіберілді.