Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жиында Қазақстан мен Ресейді энергия көзін қатар пайдалануы туралы мәселе қаралды. Оқу-ағарту вице-министрі балалардың жазғы демалысы туралы баяндады.

Біз өз тарапымыздан оқушыларды демалдыру жоспарын сұрадық. Әсіресе су тасқынынан зардап шегіп отырған аймақтағы мектеп оқушылары қалай қамтылады. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмысы қалай жүрмек?

Былтыр Алматыда балаларды монша ғимаратында демалдырған дерек анықталды. Мұндай жаға ұстататын жағдайларға жол бермеу керек. Сондықтан саладағы жауаптылар қазірден жоспарлау, ұйымдастыру, қаржы бөлуге қатысты жұмыстарын жүйелеу керек. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауымызда болады