Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаевпен кездестік. Жиында депутаттар бірқатар мәселе көтерді. Мен де өз тарапымнан сұрақтар қойдым.

Былтыр желтоқсан айында Алматыдағы республикалық спорт колледжінің оқушыларына 77 млн теңгеге жуық қаржыға спорт киімдері сатып алынған. Алайда, алынған киімдердің сапасы өте төмен. Бір спорттық комплект 157 мың теңгеге бағаланған. Бірақ киімдер киюге келмейді, яғни сапасы мен бағасы бір-біріне сәйкес емес. Бұл мәселеде жемқорлыққа жол берілгендігі байқалады. Сондықтан мұны бей-жай қалдыруға болмайды. Мекемеге аудиторлық тексеріс жүргізу қажет.

Сондай-ақ, тағы бір сұрақты көтердім. Бүгінде елімізде жасөспірімдер мен спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындауда қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалады. Көптеген спорттық нысандар да тозған. Спорт ғимараттарын жөндеуге қаражат бөлу жоспарда бар ма?

Министрге қойған үшінші сұрағым - “Ордабасы” командалық ойынын ойлап тапқан әрі құрылтайшысы Руслан Исмазовты жеке қабылдауына жазуды сұрадым. Өз кезегінде Ермек Боранбайұлы қабылдайтынын жеткізді.