Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгінгі күн - сіздерге ақжолтай жаңалық айтып, сүйіншілейтін - күн! Мен бір жыл бойы бастамашыл болып, біздің комитет жан-жақты талқылаулар жасап жүргізген: медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және вейп

Медицина мамандарының кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға қатысты Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. Құтты болсын, абзал жандар!

Медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қатарында бұдан бөлек мынандай артықшылықтар бар:

- Енді тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда балаларына арналған орындарды басым тәртіппен алуға, кәсіптік қызметіне кедергі келтіруден қорғалады, медициналық мамандық бойынша әскери қызмет өткеруге немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға құқықтар берілді;

-"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы (мемлекеттік награда) белгіленді;

-артық есеп (құжатбастылық) пен ақпарат беруден босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган енді медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесін бекітетін болады;

Вейптерге тиым салудың өзі бір бөлек тақырып. Осы күнге жету оңай болмады. Кедергілер көп болды. Қаншама қиындықтан өттік. Кейбір әріптестердің өзі қарсы болды. Бірақ біз жеңдік.

Енді елімізде тура екі айдан кейін электронды темекілерге тиым салыну тетігі іске қосылады. 60 күннен соң вейптерді өндіруге, тасымалдауға және сатуға шектеу шарасы енгізіледі.

Енді біз мұндай темекі түріне тиым салған 30-дан аса елдің қатарына қосылдық. (ТМД-да алғашқы). Заң жобасын жақтап дауыс берген депутаттар алқасына алғыс айтамын.