Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Үкіметтің қаулысымен «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының атауы, - «Жібек жолы» болып өзгертілді.

Осы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын құруға миллиардтаған теңге жұмсалды, бірақ бірде-бір маңызды өндіріс ашылған жоқ.

Алдағы уақытта осы арнайы экономикалық аймақ «Жібек жолы» өндірісін дамыту үшін Үкіметтің қандай жоспарлары бар?

Ал, бүгінгі күні елімізде мемлекеттік инвестицияны қайтарған кем дегенде бір арнайы экономикалық аймақ  бар ма?

Осы тақырыпқа қайтара қозғау салып, депутаттық сауалыма арқау еттім.