Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Елімізде медицинa мамандарының жетіспеушілігіне қарамастан, "қоғамдық денсаулық сақтау" және "медициналық-профилактикалық іс" факультеттерінің ұзын-саны 2015 түлегі қиын әрі қолайсыз жағдайда жүр.

Атап айтқанда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі №72 бұйрығына сәйкес олардың біліктілігі мен еңбегіне ақы төлеуге қатысты нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерге байланысты күрделі проблемаларға тап болды. Медициналық университетті бітірген осы факультеттердің түлектері дәрігерлерге санатына жатқызылмайтын болды.

Біліктілігі мен жоғары медициналық білімі қайда қалады сонда? Ол жағынан терезесі тең тұрып, жұмыс ауыртпалығы бірдей бола тұра мұндай мамандар мардымсыз аз жалақы алады. Бұл тең жұмыс үшін төлем теңсіздігіне әкеледі. Мәселеге мән беріп, Үкімет үйіне депуттатық сауал жолдадым.