Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

     4 мамырда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде кеңейтілген отырыста Әлеуметтік кодекстің жобасын талқылау өтті. Комитет мүшелері-депутаттар алдында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Ж. Шапкенов баяндама жасап, жұмыс тобы жүргізген жұмыстың нәтижелерімен таныстырды. Әлеуметтік кодексті әзірлеудің мақсаты азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін іске асыруы үшін институционалдық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау болып табылады. Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірыңғай құқықтық негіз құру және әлеуметтік төлемдерді жүйелеу және әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету арқылы әлеуметтік саланы дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету сияқты міндеттер шешілетін болады. Депутаттар көптеген сұрақтар қойды. Депутат Г. А. Нұрымова министрге халықтың әлеуметтік әл-ауқатының индексіне қатысты өз сұрағын қойды:

     Әлеуметтік Кодекстің тұжырымдамасында халықтың жайлы және қауіпсіз өмір сүруі үшін қажетті әлеуметтік сала қызметтеріне халықтың қанағаттанушылығын көрсететін интеграцияланған индикатор – халықтың әлеуметтік әл-ауқатының индексін енгізу көзделеді. Айтыңызшы, бұл индекс қандай көрсеткіштерден тұратын болады? Министрлік оны есептеу әдістемесін әзірледі ме? Бұл индекс тар бағытта болмайма? Халықтың жалпы әлеуметтік салаға қанағаттану дәрежесін ескермей, тек әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтерді ғана есепке алатын болмайма?

Әлеуметтік кодексті депутаттарының талқылауы әлі де көп жұмыс істеу қажет болатын көптеген учаскелерді ашты. Бүгін ұсынылған Әлеуметтік кодекс жобасы пысықтауды және толықтыруларды талап етеді.