Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

     Бүгін, 5 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы талқыланды. Депутат Г.А. Нұрымова Білім және Денсаулық сақтау министрлеріне маңызды сұрақ қойды:

- Өткен жылы Жамбыл облысында биофармзавод салу туралы шешім қабылданды. Құрылыстың аяқталуы 2020 жылдың соңына жоспарланған болатын. Алайда құрылысты аяқтау мүмкін болмады. Дегенмен, 22 сәуірде бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасын салтанатты түрде шығарғанын растап отыр. Бірақ біз бұл партияның биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының негізінде шығарылғанын білеміз. Ал өнеркәсіптік өндіріс әлі іске қосылмаған. 2020 жылы зауыт құрылысына 5,3 млрд. теңге бөлінді. Енді нақтыланған бюджет аясында биофармацевтикалық зауыттың құрылысын аяқтауға қосымша 1,6 млрд. теңге бөлінеді. Аталған қаражаттың барлығы Білім министрлігінің бюджетіне бөлінді.

Асхат Қанатұлы, айтыңызшы, қандай нақты жұмыстарға 1,6 млрд. теңге жұмсалады?

Алексей Владимирович, Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауытта Qazvac отандық вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі қашан және қандай көлемде басталады?