Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой таныстырған "Дені сау ұлт.  2021-2025 жылдары" ұлттық жобасы талқыланды. Кездесу ҚР Премьер-Министрі А. Ұ. Маминнің төрағалығымен конференц-байланыс форматында өтті.

Жобаның негізгі бағыттары:

- Халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

- Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру;

- Қазақстанның отандық фармацевтикалық өнеркәсібі;

- Салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.

Паспорт жобасына сәйкес 2021-2025 жылдар ішінде 15 мың жаңа жұмыс орны құрылады, өмір сүру сапасы жақсарады және халықтың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артады, медицинаға арнайы инвестициялар көбееді.

Денсаулық сақтау министріне келесі сұрақтарды қойдым:

1. Ұлттық жобада "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының 133 тармағы көрініс таппады. Министрлік осы тармақтың орындалуын қалай жоспарлап отыр?»

2. Дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі қалай шешіледі?