Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

     9 маусымда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланды. Талқылау аясында депутат Г.Нұрымова Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұловаға сұрақ қойды. «2020 жылы республикалық бюджеттен спортты дамытуға 40,4 млрд.теңге бағытталды, оның ішінде 426,1 млн.теңге немесе бар болғаны 1%-ы бұқаралық спортты дамытуды қолдануға бағытталған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектігі Қазақстан халқына Жолдауында қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымн мемлекет есебінен ұстаудың мәні жоқ екенін атап өтті. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және әрине, балаларға басымдық беру керек. Осыған байлаңысты, түсіндіріңізші, бұқаралық спортты дамытуға бюджет қаражаты аз бөлініп отырған кезде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды қалай қамтамасыз еттіңіз? Кәсіби спорт командаларын қаржыландырудың қандай көлемі бұқаралық спортты дамытуға қайта бөлінді?»