Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

   9 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін талқылауға қатысты әлеуметтік-мәдени даму комитеті Жұмыс тобының отырысы өтті. Депутаттар вице-министр Н.М. Дауешевтің баяндамасын тындады. Министрлікте келесі бағыттарда жүзеге асырылатын республикалық бюджеттің негізгі шығыстары туралы айтылды: елдің біртұтас мәдени кеңістігін дамыту, мұрағат ісін, ономастикалық және геральдикалық қызметті жетілдіру; туризм индустриясын дамыту; бұқаралық спортты одан әрі дамыту және әлемдік спорт аренасында спорт түрлерін бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Мемлекеттік органның өкілдеріне көптеген сұрақтар қойылды. 

  Депутат Г. А. Нурумова бұқаралық және  балалар спортын дамытуға қатысты сұрақтар қойды. Мемлекет басшысы а.ж. 1 қыркүйегіндегі Жолдауында азаматтарымыздың денсаулығының кепілі ретінде бұқаралық және балалар спортынажағдай жасауға ерекше назар  назар аударды. Өңірлерге жұмыс сапары кезінде депутаттар еңбек ұжымдарымен, жұртшылықпен және халықпен көптеген кездесулер өткізді, олар өзекті мәселелерді көтерді. Жамбыл облысының Талас ауданындағы өткен кездесулердің бірінде тұрғындар осы уақытқа дейін тек жергілікті әуесқой азаматтардың ынтасының арқасында балалар футболының дамып келе жатқандығын айтты. Балалар мен олардың тәлімгерлеріне қолдау да, қаржыландыру да берілмейді. Барлығы ауыл балаларының бос уақытында не істеп жатқанына бей-жай қарамайтын Бақыт Сарыбаев сынды патриоттардың есебінен жүзеге асып дамуда. Үкімет оларға қашан, қалай және қандай қаражатпен көмектеседі,бұл үшін бюджетте қандайқаражат қарастырылған, мемлекеттік мекеме қандай бағдарлама қарастырады және нәтижесі қашан болады?

   Дәл осындай мәселемен 2012 жылдан бері 10 жылға жуық уақыт бойы Қазақстанда "Ордабасы" ұлттық ойын дамып келеді. Аймақтарда және жалпы республикада бұқаралық спротты дамытуға қолалйы болып табылатын ойын республиканың спорт реестіріне енгізілгенімен, осы уақытқа дейін ешқандай қолдау таппады, тек әуесқойлар мен оны дамытқысы келетіндер есебінен өмір сүріп келеді. Осындай энтузиастардың қатарында біздің жерлесіміз Руслан Исмазов бар. Елдегі бұқаралық спортты дамытуғатамаша көмек бола алатын бұл спорт түрін дамытуға қандай нақты қолдау мен қанша қаржы қарастырылады?