Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Парламент Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы өтті. Күн тәртібінде - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасын талқылау түрды. Бұл заң жобасын депутаттар бастамашылық етті. Оған жұртшылық тарапынан үлкен назар аударылғанын атап өту керек. Мен осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының құрамында болдым. Ол бойянша жұмыс өте ұзақ және ауыр болды.

    Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі өз Жолдауында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударды.

    Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау бойынша көп жұмыс атқарылды - халықаралық құжаттар ратификацияланды, біздің балаларымыз тап болатын проблемалар мен қауіптерді шешуге арналған заңдар қабылданды. Бірақ уақыт өтеді, өмір, адамдардың арасындағы қатынастар өзгереді. Өкінішке орай, бұл балалар мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасқа да әсер етеді. Бүгінде елімізде мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да жедел әрекет етуді талап ететін бірқатар проблемалар бар. Бұл балалардың өз-өзіне қол жұмсауы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және т.б. Зерттеушілердің пікірінше, кез-келген жасөспірім кез-келген түрде қудалау жағдайларына тап болады, сондықтан депутаттардың ерекше назары қорлау мен кибербуллинг мәселелеріне аударылды.

    "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында өскелең ұрпақтың қамын ойлауға, соның ішінде балаларды қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Партияның жол картасы "балаларды қорлаудан, интернет-қудалаудан, жыныстық қылмыстар мен суицидтен қорғау шараларын қабылдау", "балалардың құқықтары бұзылған жағдайда хабарлау рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына Қазақстанның қосылуы" және т. б. тармақтарды орындауды көздейді.

    Заң жобасын талқылау кезінде депутат Нұрымова Г.А. сұрағын баяндамашыға және Білім және ғылым министрлігіне жолдады. Сұрақ баланы асырап алу кезінде асырап алушы ата-аналардың психологиялық дайындығына қатысты болды.

    Депутат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауы – Мемлекет Басшысының біздің жас азаматтарымызды заңнамалық қорғау жөніндегі тапсырмасын одан әрі іске асыру бойынша балаларға қатысты мемлекеттің маңызды қадамы деп санайды.