Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үкіметтік сағат

    25 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінде "Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жақсарту" тақырыбында "Үкімет сағаты" өтті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Мусин депутаттар алдында баяндама жасады. Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында: "Қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі терең цифрландыру болып табылады. Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансферті аса маңызды," - деп айтқан болатын.  Мемлекеттік қызметтерді көрсету және оларды цифрландыру тақырыбы Қазақстанның кез келген саласы үшін өзекті, сондықтан депутаттарда азаматтарымыздың Интернетке қолжетімділігінен бастап, орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмысына дейін мәселелер жеткілікті жинақталды. Министр үлкен баяндама жасады, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің төрағасы А.П. Рау қосымша баяндама жасады. Министрдің ақпараты бойынша, бүгінгі күні Қазақстанның түрлі ведомстволарының теңгерімінде 400 ақпараттық жүйе бар және олардың жұмыс істеуіне әрбір мемлекеттік орган жауапты. Сонымен қатар, министр бірқатар проблемаларға тоқталып, оларды шешу бойынша министрлік қабылдап жатқан шаралар туралы ақпаратпен бөлісті. Соңында Б. Б. Мусин депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.