Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

      Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында бірқатар заң жобалары қаралып, мақұлданды. Екінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобалары мақұлданды. Бірінші оқылымда ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген елдің биологиялық қауіпсіздігі туралы заң жобалары мақұлданды. Бұл Заң жобасының мақсаты - биологиялық қауіпсіздік мәселелерін мемлекеттік реттеу, биологиялық қатерлерді бұрын анықтау және алдын алу, халықты, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен қорғау. Депутат Г.Нұрымова осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі. Үлкен жұмыс атқарылды – депутаттар көптеген ұсыныстар мен түзетулер енгізді. Заң жобасымен жұмыс барысында оны талқылау бойынша 18 қарашада Дөңгелек үстел өтті.   Бүгін талқылау барысында ҚР БҒМ өкілдеріне және ҚР Денсаулық сақтау министрі А. В. Цойға Г.Нұрымова сұрақ қойыды, ал министр, депутаттар алдында қазақ(!) тілінде баяндама жасады. Депутаттың сұрағы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған жұмыс істеп тұрған ғылыми зертханалар ғимараттарының жай-күйіне қатысты болды, олар жай ғана ескірген емес, сонымен қатар техникалық жарақтандыруды талап етеді және авариялық жағдайдың туындауына мүмкіндік жасайды. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін қандай шаралар қолданылады және ғылыми зертханаларды жаңғырту үшін не істелуде? Биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобалары бойынша  бүгінгі ұсыныстарды ескере отырып, жұмыс жалғастырылады.