Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару институтын дамыту туралы» тақырыптық отырыс өтті.  Қазақстандағы корпоративтік басқару институты 2000 жылдардың басында белсенді түрде енгізіле бастады, оның негізгі міндеті басқару органдары арқылы шешімдер қабылдау жолымен компаниялардың ұзақ мерзімді дамуына және тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жоғары оқу орындарының басқарушылық дербестігін кеңейтуге, қызметтің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кадрларды даярлау сапасы үшін жоғары оқу орнының алқалық жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік берді. Қазір республикада мемлекеттің қатысуымен КЕАҚ нысанында 37 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігінде бес медициналық ЖОО-ның: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті; "Астана" медицина университеті, Қарағанды, Семей, Ақтөбе ш/қ акцияларының мемлекеттік пакеттері, сондай-ақ Ұлттық нейрохирургия орталығы АҚ акциялары иелену құқығында. Отырыста өзекті мәселелер талқыланды. Депутат Г.Нұрымова өз сұрағын Ұлттық экономика министрлігіне жолдады: "Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке квазимемлекеттік компанияларда Корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы тапсырма берді. Айтыңызшы, қандай ұсыныстар жасалды? Бүгінгі таңда қандай шаралар қабылданды?"

      Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілетін ұсынымдар әзірленді.