Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

         11 қантарда ҚР Парламенті Мәжілісі еліміздің Премьер-Министрін бекітті. Ол - Әлихан Асханұлы Смайылов, оның кандидатурасын Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев ұсынды. Жиын барысында Мәжілістегі барлық саяси фракциялардың, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері кандидатты қолдап сөз сөйледі. Қазақстанның жаңа Премьер-Министрі өзінің қысқаша сөзінде Үкіметтің басым және негізгі міндеттерінің қатарында індетпен одан әрі күресу, елдегі бизнес ахуалды жақсарту, инвестиция тарту мәселесі, салық режимін жетілдіру, т.б. тоқталды. Одан кейін мәжіліс алдында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінгі күннің ең маңызды міндетін шешуге – елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруға тоқталды. Президент Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді, соның ішінде: шағын және орта бизнесті қолдау; бюджет кірістерінің өсуін қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығын одан әрі қолдау; әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға саясатын бақылау; инфляцияның өсуін бақылау; импортқа тәуелділікті азайту; кедендік шекараны, әсіресе, Хоргоста тәртіпке келтіру; қалдықтарды жинау мәселесін шешу; квазимемлекеттік секторды реформалау; қаржының елден негізсіз шығарылуын бақылау; «Қазақстан халқына» қорын құру туралы; және т.б.Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін, қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалау мәселелеріне жеке тоқталды. Осы мәселелерді шешуде Үкімет қызметімен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының жұмысының маңызы зор. «Nur Otan» партиясының депутаттары іс-шараның басынан-ақ ел Президентін қолдады. «Nur Otan» партиясы қазақстандық қоғамның игілігі үшін жұмысын жалғастыра бермек. Ендігі міндет – Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасау. Сонымен қатар, партия депутаттары сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудағы нақты істермен, азаматтарға атаулы көмек көрсетумен, Мәжілістегі жұмысты заң шығару бастамалары арқылы және Қазақстан Республикасының заң жобаларымен жұмыс жасау арқылы күнделікті жұмысты жалғастырады.