Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында бірқатар заң жобалары қаралып, мақұлданды. Олардың ішінде: «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша қауіпті қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруы туралы келісімді ратификациялау туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасына ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгерістер қаралды.
Депутат Нүрымова Г.А. Экология, геология және табиғат ресурстары министріне ратификациялау туралы заң жобасына қатысты сұрақ қойдым. Бұл келісім қауіпті қалдықтардың трансшекаралық қозғалысына байланысты қатынастарды реттейді. Мәселе авариялық жағдайларды болдырмау және жою, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу жөніндегі тәртіпке қатысты болды. Депутаттар министрге утильалым туралы сұрақ қойды. 11 қантарда Президент өз сөзінде утильалым туралы нақты тапсырма берген. Қазір жеткілікті уақыт өтті. Алайда, осы тапсырманы орындау бойынша нақты қадамдарды әлі көріп отырған жоқпыз. Министр ИИДМ-мен келіссөздер жүріп жатқандығын айтты. 

     Әріптестердің бүгінгі депутаттық сауалдары қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты болды. Бұл квазимемлекеттік сектор бюджетінің ашықтығы, жұмыс нәтижелері үшін халық алдында есеп беру, сондай-ақ елден оффшорға шығарылған қаржыны қайтару және т. б. мәселелер.