Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Ел Президенті бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар түйткілді мәселелерге тоқталып өтті. Жаңа Қазақстанды құру үшін бізге жалпыға түсінікті және әділетті мемлекеттік саясат қалыптастыру маңызды. Мемлекет басшысы билік пен қоғамды адал еңбек етуге үгіттеді. Әлбетте, бұл өте орынды. Сонымен қатар, жемқорлық мәселесіне де ерекше тоқталды. Соның ішінде, субсидияға қатысты (ауылшаруашылығы әлі де осы себептен дамымай отыр және тауарлар бағасы жоғары), құрылыс саласындағы мемлекет қаражатын дұрыс қолданбау, бірнеше ірі құрылыс компанияларының билік өкілдері арқылы әрқашан үлкен қаражаттарға құрылыс жүргізуі т.б. тоқтату керектігін айтты. Үкіметке екі айдың ішінде шетелдерге заңсыз шығарылған қаржылар мен активтерді елге қайтаруға тапсырма берді. Азқамтылған отбасылар үшін жалдамалы баспаналарды субсидиялау қажеттігін айтты. Президенттің бастамаларын қолдап, Жаңа Қазақстанды құру әр азаматқа байланысты.