Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының таныстырылымы өтті. Заң жобасына Үкімет бастама жасады. Негізгі баяндамашы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А. С. Данилов болды. Бұл заң жобасы бүгінгі күні өте өзекті болып табылады және депутаттық корпус тарапынан да, жұртшылық тарапынан да ерекше назар аударуды талап етеді.
Депутаттар, жұмыс тобының мүшелері сұрақтармен, ұсыныстармен сөз сөйледі. Депутат Г.Нұрымова өз сөзінде келесілерді атап өтті:
1. Негізінен бүгінгі таңда барлық жастар саясаты ұйымдасқан, оқитын, жұмысқа орналасқан жастармен жүргізілуде. Ал жұмыссыз, оқымаған жастар ше? Қаңтар оқиғаларында маңызды рөл атқарған "Neet" жастардың осы санатымен жұмысты қалай нақты жүргізу жоспарлануда?
Заң жобасында бұған тиісті назар аудару қажет.
2. Өңірлерде «жас отбасы» ұғымына қатысты көптеген сұрақтар бар, онда ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жастан аспауы керек. Ұсыныс - ерлі-зайыптылардың біреуі 29 жастан аспаса да жас отбасы болып танылуы керек немесе оны 35 жасқа дейін арттыру қажет. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр.