Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үкіметтік сағат

    28 ақпанда “Іішкі туризмді дамыту мәселелері туралы" тақырыбында Үкімет сағаты өтті, онда ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.А. Абаев баяндама жасады. Үкімет сағатының тақырыбы жаңа ғана өңірлерден оралған Мәжіліс депутаттарының елдегі туризм мәселелерін қызу талқылауына себеп болды. Әріптестеріміздің көптеген сұрақтарына, сөз сөйлеулеріне байланысты кейбіреулеріміз министрге өз сұрағымызды қойып үлгермедік. Сұрақтар мен жауаптарға бөлінген реттеу уақыты тез аяқталды. Баяндамашыға депутат Г.Нұрымова сұрағын жазбаша түрде жолдады: "Шетелдік туристерді тарту үшін туризмнің маңызды бағыттары бар – ол экотуризм, табиғи туризм. Бұл туризм түрлері ерекше шығындарды талап етпейді. Біздің елімізде туризмнің бұл түрін дамытуға барлық жағдай жасалған. Осы бағытта жұмыс қалай жүргізілуде?»