Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Мәжілістің кезекті жалпы отырысында «Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыс туралы Конвенцияны (175-Конвенция) ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды. Конвенция толық емес жұмыс күні жұмыс істейтін еңбекшілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін қабылдауды көздейді. Олардың ішінде еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы; ананы қорғау; жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы немесе ақылы мереке күндері және т. б.
Талқылауға шығарылған келесі жоба - «Дербес деректермен алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмекке қатысты келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы. Келісімге сәйкес, ТМД елдері сұрау салу бойынша ұлттық заңнамаға және Келісімнің ережелеріне сәйкес дербес деректермен алмасу саласында өзара құқықтық көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, жұмысқа депутаттар бастамашылық еткен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» өте маңызды жоба қабылданды.