Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Парламентттік тыңдаулар

    Бүгін "Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары" мәселесі бойынша парламенттік тыңдауларды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы уақытша комиссияның кеңесі өтті. Сарапшылардың пікірінше, жыл сайын адамзаттың су ресурстарына қажеттілігі шамамен 1% - ға артады. Өкінішке орай, Қазақстандағы суармалы судың өнімділігі шет елдермен салыстырғанда 6-8 есе төмен. Ал суды ұтымсыз пайдалану қарқыны бойынша, өкінішке орай, республика басқа елдерден қалып отырған жоқ. Тақырып өте өзекті және оның проблемалары сағат сайын өсіп келеді, байыпты көзқарасты талап етеді. Тыңдауларға дайындық басталды, кеңес барысында депутат Г.Нұрымова мемлекеттік орган өкілдеріне Тараз қаласының Сахзавод ауданында тұратын қала тұрғындары атынан  А.Досымбекованың суармалы су мәселесі бойынша сұрақ қойды.