Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының тұсаукесері өтті. Өте қажет, маңызды және уақтылы заң жобасы. Депутаттар мен жұмыс тобының басқа да мүшелері тарапынан көптеген маңызды ұсыныстар беруге мүмкіндік болады.Талқылау барысында депутат Г.Нұрымова ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысында өткен кездесулер барысында турғындардың көтерілген сұрақтарды қойды.

    Біріншісі: ауылдық жерлерде 10 жыл бойы жұмыс істеген және қызметтік пәтер алған жас мамандар-дәрігерлер оларды жекешелендіре алмайды. Ауылдағы медицина кадрларының өткір тапшылығын ескере отырып, мәселе мұқтаж мамандардың пайдасына қалай шешіледі?

    Екіншісі: жетім балалар мәселесі. Алынған пәтерлерге ұқсас жағдай. Олардың да жекешелендіру мүмкіндігі жоқ. Заң жобасы аясында бұл мәселені шешу көзделіп отыр ма?

    Үшіншісі: табиғи апаттар кезінде қиын жағдайға тап болған адамдармен бірдей маңызды мәселе. Республика тұрғындарының басым бөлігі су тасқыны, сел және т.б. кезінде баспанадан айырылады, олар өз жер учаскелерінен, үйлерінен, тұрмыстық заттарынан және т. б.  айырылады. Неге адамдарға осы арендағы тұрғын үйді жекешелендіруге мүмкіндік бермеске? Тұрғын үй саясатын реформалау бұл міндетті қалай шешеді?

    Вице-министр Е.Дауылбаев заң жобасында бұл мәселелер қарастырылмағанын айтып, оларды Мәжілісте заң жобасын талқылау барысында қарауға дайын екенін білдірді.