Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Комитет отырысында бірнеше заң жобасы талқыланды. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастыру шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды жобасы бекітілді. 2010 жылғы 25 мамырда құрылған бұл академияның мақсаты - түркі тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін сақтауға, дамытуға және дәріптеуге бағытталған түркология саласындағы зерттеулерді үйлестіру және жәрдемдесу, сондай-ақ Түркітану бойынша ғылыми зерттеулер саласындағы түркітану ғылымы мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу. Талқылау барысында баяндамашы - Білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиевке көптеген сұрақтар қойылды. Депутат Г.А. Нұрымова сондай – ақ Академияға мүше мемлекеттер - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Түркия Республикасы 2022 жылдан бастап төлейтін жарналардың сомасы мен төленуіне қатысты сұрақ қойды. Бақылаушы елдер арасында - Венгрия, Моңғолия және Пәкістан бақылаушы болуға ниетті. Өзбекстан Академияға кіруге дайын.

    Комитет "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" жоба бойынша қорытынды қабылдады, сондай-ақ депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру спасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының құрамын бекітті.