Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жолдау

    ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 16 наурыздағы Жолдауы елдің одан әрі дамуына әсер етері сөзсіз. Өйткені, қаңтардағы оқиғалар елдегі маңызды өзгерістердің басталуына да себепші болды. Бұл Жолдау бұрынғыдан түбегейлі ерекше. Онда үлкен сөздер, ұрандар мен үндеулер, орынсыз уәделер жоқ. Жолдауда мемлекетіміздің одан әрі дамуының нақты және анық қадамдары қамтылған. Бізді түбегейлі саяси өзгерістер күтіп тұр. Бұлай әлі болған емес! Сондықтан Жолдау азаматтар арасында түсіністік, қолдау және ыстық ықылас тапты. Өзгерістерді Мемлекет басшысы Президент қызметінен, яғни өзінен бастады. Конституцияға, ҚР Заңдарына өзгерістер енгізіледі. Бұл көп нәрсені талап етеді. Бірінші қадам – ел Президентінің өкілеттігін орындау кезеңінде партияға мүшелікті тоқтату. Президенттің туыстары үшін мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік компанияларда басшылық лауазымдарға орналасуға тыйым салынады. Өте дана және көреген шешім. Парламенттің төменгі палатасының рөлі күшейтілуде - Мәжіліс Сенаттың мақұлдауымен заңдар қабылдау құқығын иеленеді. Жоғары аудиторлық палата жылына екі рет есеп береді, осылайша депутаттар республикалық бюджеттің жұмсалуына бақылауды күшейтеді. Азаматтарды Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау тетігі де өзгереді. Саяси партияларды тіркеу жеңілдетіледі және бұл олардың бәсекелестігін арттырады, тең жағдайларда партиялар саны артады. Үш жаңа облыс құрылуда: Абай, Ұлытау, Жетісу. Бұл шешімді Президент республика тұрғындарының өтініштері негізінде, олардың мемлекет басшысы назардан тыс қалдырмаған пікірлерін ескере отырып қабылдады. Мен болашақ облыстардың тұрғындары үшін өте қуаныштымын және облыстарға осындай атаулар берілгені өте маңызды. Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы ұсыныс ел тұрғындарының жылы лебізі мен ерекше қолдауына ие болды. Бұл - біздің адамдар әлі күнге дейін жақсы көретін және ірі тұлға деп атайтын Д.А. Қонаевты еске алуға деген құрметіміз. Елдің маңызды мәселелерін талқылау үшін Ұлттық құрылтай құрылады. Ол билік пен халықты байланыстыратын көпірге айналмақ.

    Осындай маңызды істер Президент жолдауында аталды. Президенттің бастамалары қазақстандықтарды шын қуанта алды. Халқымыз Президентімізбен бірге алға басып, үлкен өзгерістер мен жетістіктерге жетеді. Әрбір ел азаматын мемлекетімізді көркейту жолында қолынан келгенін аямауға шақырамыз.