Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үкіметтік сағат

    Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Атқарушылық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіру. Мәселелер мен шешу жолдары» атты Үкімет сағаты өтті. Депутаттар алдында ҚР Әділет министрі Қ. С. Мусин баяндама жасады. ҚР ӘМ ақпараты бойынша, 2021 жылы сот орындаушыларының өндірісінде 9,3 трлн.сомаға 7 млн. (6,7) атқарушылық парақ және басқа да құжаттар болған. Толық көлемде өндіріп алу 300 млрд.теңге сомасына 2,3 млн. атқару құжаттары бойынша ғана жүзеге асырылды. Бұл жағдайдың негізгі себептері-заңнаманың жетілмегендігі, сондай-ақ борышкерлердің төлем қабілетсіздігі. Бұдан басқа, өндірістер санының жыл сайын өсуі байқалады, тиісінше сот орындаушыларына жүктеме артуда. Депутат Г.Нұрымова баяндамашыға сот актілерін орындауды жасанды түрде кешіктірудің алдын алу үшін қандай шаралар қолданылатыны туралы сұрақ қойды. Министрден толық жауап алды. Онлайн режимінде отырысқа қатысқан ЖСО өкілдері де осындай сипаттағы сұрақ қойды.