Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үкіметтік сағат

    Бүгін Мәжілісте «Президенттің ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау және ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е. Ш. Қарашөкеев баяндама жасады. Министр АШМ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдағанын баяндады. АШМ мен ЖАО функцияларының аражігін нақты ажырату бойынша жұмыс басталды, ветеринарлар бірқатар функцияларды орындаудан босатылады. Ветеринарияның өзекті мәселелерінің бірі-жалақының төмендігі, демек, мамандардың кетуі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Жақын арадағы жоспарлардың ішінде-саланы цифрландыру тұр. Депутаттардан көптеген сұрақтар болды, барлығы регламентке сәйкес келмеді. Өзекті мәселелердің бірі-малдың өлімі, үй жануарлары арасында аурулардың көбеюі, ветеринарлардың жұмыс жағдайлары және т. б. Министрдің айтуынша, қазір мемлекеттік орган «Ветеринария туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасымен жұмыс істеуде. Оны Парламентке ағымдағы жылдың 3-тоқсанында енгізу жоспарланып отыр. 7 депутат, соның ішінде депутат Г. Нұрымова сұрақ қойып үлгермеді. Сұрақтар жазбаша жібереледі. Ол бүгінгі күні өзекті болып отырған өнімдердің құрамындағы ГМО сияқты проблемаға қатысты, бақылау қаншалықты тиімді жүргізіледі? Және Ақпан айында Байзақ ауданында ветеринарлармен кездесуде жалақыны көтеру және ветеринарлардың кәсіби мерекесін белгілеу мәселесі көтерілген, сол туралы сұрақ болды.  Ол  жөнінде  министр оң шешуге уәде берді.