Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің пленарлық отырысы

    Бүгін Мәжілістің кезекті пленарлық отырысы ерекше форматта өтті. 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау және Ұлттық қордан трансферт туралы заң жобалары жұмысқа қабылданғаннан кейін, атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге қатысты ҚР заң жобасының бірінші оқылымында мақұлданғаннан кейін, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың Мәжіліс депутаттарына өңірлерге шығу барысында келіп түскен азаматтардың өтініштерін Мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері туралы ақпараты тыңдалды, бірнеше Министрлер сөз сөйледі. Өңірге барғаннан кейін депутаттар Үкіметке 1 мыңнан астам проблемалық мәселелерді жіберді. Бүгін отырыста депутаттар тікелей министрлерге 20-ға жуық сұрақ қойды. Депутат Г.А. Нұрымова Білім министріне ата-аналар мен мұғалімдердің айтуы бойынша оқушылардың білім сапасы төмендеген «жаңарту» туралы сұрақ қойды. Бірақ, детутаттың пікірінше, әдеттегідей, жауаптар негізінен нақты емес, жалпылама болды.