Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін 2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу бойынша жұмысқа кірістік. Заң жобасының тұсаукесері Қаржы және бюджет комитетінде өткізілді. Тұсаукесерге депутаттармен қатар барлық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің өкілдері қатысты, сондықтан сұрақ қоюға мүмкіндік болды. Заң жобасын әзірлеушілердің түсіндірмелеріне сәйкес, бюджетті нақтылау шеңберінде Президент Қ.Қ. Тоқаев белгілеген бірқатар тапсырмаларды орындау, Қазақстан халқына Жолдауда айқындалған басым бағыттарды іске асыру жоспарланып отыр. Әзірлеушілер депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Депутат Г.Нұрымованың сұрағы Денсаулық сақтау министрлігіне жолданды.

    Заң жобасының талқылауы жұмыс тобында жалғасады.