Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Комитеттің кезекті отырысында бірқатар мәселелер талқыланды. Республикалық бюджетті нақтылау бойынша заңды талқылау мазмұнды әрі нәтижелі болды. Депутат Г.Нұрымова осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі. Баянадмашы ретінде Қаржы вице-министрі Т.М.Савельева сөз сөйледі және Г.А.Нұрымова қосымша баяндама жасады. Әлеуметтік блоктың 5 министрлігі бойынша шығыстар көлемін нақтылау қорытындысы 581 млрд теңгеге ұлғайды. Бюджетті ұлғайтудың негізгі бағыттары әлеуметтік төлемдерді индекстеуге, covid бойынша іс-шараларға, дәрілер мен вакциналарды сатып алуға, білім беру, денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша, жастарды қолдау және халықты жұмыспен қамту жөніндегі жобаларға, жалақыны арттыруға және т. б. бөлінді. Депутат  2 сұрақ қойды және ұсыныс жасады.

1.Білім министрлігіне: Білім және ғылым жүйесін дамытуға ағымдағы жылы қосымша қолдау көрсетілген шығыстар, оның ішінде батыс өңірлерінен жастарға 10 мың грант бөлуге бағытталды. Неліктен батыс аймақтарға? Өйткені, оңтүстік облыстар да осындай қолдауды қажет етеді, мұнда да мұқтаж жастар көп.

2.Денсаулық сақтау министрлігіне: ҚР ДСМ жауап ретінде медицина қызметкерлеріне санат үшін қосымша ақы төлеу мәселесі бойынша олардың тарифтер ішінде көзделгені көрсетілген. Тариф құру әдістемесі мен есептеулерін бере аласыз ба?

    Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс - келесі, 2023 жылғы Мерейтойлық күндерді атап өту жоспарына көрнекті тұлға Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығын атап өтуді қосу.