Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    20 сәуірде Мәжілістің кезекті пленарлық отырысында Ұлттық қордан трансферт және республикалық бюджетті нақтылау бойынша өте маңызды мәселелер талқыланды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 трлн 30 млрд теңгеге дейін ұлғайту. Республикалық бюджет шығыстары 18,8 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр. Талқылау барысында депутаттарда көптеген сұрақтар мен ұсыныстар болды. Мысалы, депутат А. М. Жамалов Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені көтеруі туралы мәселені көтерді, бұл екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің қымбаттауына және соның салдарынан бағаның өсуіне алып келеді. Сондай-ақ депутаттар мемлекеттік органдардағы шығыстардың тиімсіз, сенімсіз баптары жөнінде алаңдаушылық білдірді. Қорытындылай келе Мәжіліс Спикері Е.Ж. Қошанов аталған заң жобаларының маңыздылығын атап өтіп, Үкімет депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарынан кейін қорытынды шығаруы қажет екенін атап өтті. Ал мәжілісмендердің басты міндеті-бюджет қаражатының уақытылы және тиімді жұмсалуын бақылау.