Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің отырысы

    Бүгін Комитеттің екінші сессиядағы соңғы отырысы өтті. Жұмыстың қорытындысы шығарылды. Сессия өте белсенді өтті, Комитет қазақстандық қоғам үшін өте өзекті көптеген маңызды заң жобаларын әзірледі. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті 16 заң жобасы бойынша бас Комитет болып саналды, оның ішінде 3-іне депутаттар бастамашы болды, 13-ін Үкімет енгізді. Мен ҚР биологиялық қауіпсіздігі туралы, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша, волонтерлік қызмет, қайырымдылық, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттар мәселелері бойынша, бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша және т. б. заңдарды атап өтейік. Осы заң жобаларының көпшілігі бойынша депутат Г.Нұрымова ұсыныстар және түзетулер енгізе отырып, белсенді қатысты. Комитетте 158 отырыс өтті, оның ішінде: комитет отырыстары – 47, жұмыс топтары – 111. Комитет өткізген шаралар: 1 Үкімет сағаты, 3 тақырыптық отырыс, 4 дөңгелек үстел, онда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері, инклюзивті қоғам құру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және т.б. мәселелер талқыланды.

    Барлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, депутаттар сессия барысында өңірлерде және астанамызда ауқымды жұмыс жүргізді, бұл сайлаушылармен кездесулер, азаматтарды қабылдау, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т. б. іс-шаралар. Сессия жабылғаннан кейін депутаттар жұмысты аймақта жалғастырады. 4 шілдеден бастап 13-не дейін депутат Г.Нұрымова Жамбыл облысында болады.