Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Келісімдерді ратификациялау бойынша заң жобалары жұмысқа қабылданды, экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке қатысты Заң бірінші оқылымда қабылданды. Сонымен қатар, депутаттар асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңды екінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ, мәжілісмендер алдында депутаттық сауалға ауыл шаруашылығы министрі Е. Ш. Қарашөкеев жауап берді. Бұған дейін депутаттар ҚР Үкіметінің сауалға берген жазбаша жауабына наразылықтарын білдіріп, бүгін аталған тақырып бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Бүгін де депутаттар еліміздің аграрлық секторының бірқатар проблемаларына толық жауап алды деп айтуға болмайды. Біраз сұрақтар нақты жауапсыз қалды.

    Депутат Г.А. Нұрымова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады, ол а. ж. тамыз айында жоспарланып отырған 1806 мектеп директорларының ротациясына қатысты болды. ҚР БҒМ 11.11.2021 ж. №559 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары» көптеген түсініксіздіктер мен кемшіліктерге ие, белгіленген өлшемшарттар түсініксіз және бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтималдығын жоққа шығармайды. Ротацияны жүргізудің өзі Еңбек кодексіне қайшы келеді және мектеп директорларынсыз қалу тәуекелін көтереді. Сауалға 12 депутат қосылды. Депутат тиімді шешімдер мен әділ тетіктер қабылданғанға дейін мектеп директорларын ротациялауды енгізуді кейінге қалдыруды ұсынды.

    Депутаттық сауалдың видеосы төменде берілген.