Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Парламент палаталарының бірлескен отырысы

    Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін ҚР ҚК бітімгершілік контингентін жіберу және сессияны жабылуы туралы мәселелер болды. Депутаттар Мемлекет басшысының бітімгершілік контингенті туралы ұсынысын қолдап, сессияны қорытындылады. Мәжіліс Төрағасы Е.Ж. Қошанов екінші сессияны қорытындылай келе, депутаттық корпус заң жобалары бойынша жемісті жұмыс жүргізіп, өзінің заң шығару бастамасының конституциялық құқығын белсенді іске асырғанын атап өтті. Спикер депутаттардың көшпелі жұмысын, соның ішінде республикалық референдумды қатысты жұмысты, депутаттық сауалдардың өзектілігін ерекше атап өтті. Сессия барысында депутаттық сауалдар өте маңызды және қоғам өмірінің түрлі тараптарының мәселелерін дереу шешуді талап ететін сұрақтарға қатысты болды. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, қауіпсіздік және әлеуметтік сала, мәдениет және спорт мәселелері.

    Сессия аяқталды, бірақ жұмыс жалғасуда. 4 шілдеден бастап депутаттардың өңірлердегі сайлаушылармен жұмысы басталады.