Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Әлеуметтік-мәдени даму комитеті 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарау шеңберінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бюджетін талқылау жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Кеңеске Министрлік өкілдері қатысты, депутаттардан студенттік жатақханаларға қатысты, грандтарды ұлғайту және т.б. көптеген сұрақтар болды. Депутат Г.Нұрымова «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы туралы сұрақ қойды. Бағдарламаны іске асыруға алдағы үш жылға 81,4 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Сұрақ: бағдарлама өзін қаншалықты ақтады, бағдарлама бойынша қанша студент оқыдып шықты, бағдарламаның қанша түлегі елге оралып, Қазақстанда жұмыс істейді? Шетелде қанша стипендиат қалды, елге оралған қанша жастар жұмысқа орналастырылды, ал неше адам жұмыссыз қалды? Министрлікте осындай ақпарат бар ма? Әдеттегідей, уәкілетті органның өкілдері толық жауап берген жоқ. Министрліктің жазбаша жауабын беруге үәде берді.