Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Комитеттің отырысы өтіп, онда депутат Г.Нұрымова «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссиясының және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып бекітілді. Және аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының құрамы бекітілді. 15.09.22.  жұмыс тобының отырысы өтеді.

    Сонымен қатар, бүгін халықаралық шарттарды ратификациялау бойынша бірқатар заң жобалары қарастырылды. Оның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы. Осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде Г.Нұрымова баяндама жасады, Комитет Заң жобасы бойынша қорытынды шығарды.