Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін депутат Г.А. Нұрымова жұмыс тобының жетекшісі бола отырып, «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссиясының және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді. Хаттама халықаралық шарттар туралы Заңға сәйкес ратификациялауға жатады. Отырыс барысында депутаттар мемлекеттік органның өкілі – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Н.Е.Сағындықоваға енгізілген өзгерістер бойынша нақтылайтын сұрақтар қойды. Толық, нақты жауаптар берілді. Енді аталған Заң жобасы бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысына қорытынды дайындайтын болады.