Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін "Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының тұсаукесері өтті. Баяндаманы Денсаулық сақтау министрі А. Гиният жасады. Министр сақтандыру моделін енгізу және іске асыру құралдары мен тетіктерін қалыптастыруда медицина қызметкерлерінің жауапкершілігіне, сақтандыру жарналарын есептеу тәртібіне, мемлекеттік бюджеттен осы мақсаттарға қаражат қажеттілігін қалыптастыруға және тағы баскаға қатысты депутаттардың және жұмыс тобы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
    Заң жобасына қатысты депутат Г.Нұрымова бір қатар сұрақтар қойды:
- медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру - жаңа енгізілімнің тәуекелдері талданды ма?
- бұл өзгерістер кері әсерін тигізіп, медициналық қызметкерлердің сақтандыру жарналары мен жіберілген қателіктер үшін төлемдер есебінен осалдық кетіп, олардан жауапкершілікті алып тастап журмей ме?
- кім оператор болады - ұлттык оператор ма әлде бәсекелестік орта құрылады ма?
- сақтандыру төлемдері талап етілмеген жағдайда, қаражат сақтандыру компаниясында қалады ма? Мұнда сақтандыру компаниясының мүдделерін қолдау жоқ па?
- сақтандыру аударымдары-бұл медициналық ұйым мен медицина қызметкеріне түсетін тағы бір салмақ. Бұл тағы бір проблема бола ма және 2025 жылдан бастап медицина қызметкері жарналарды бірге аударатындықтан, медкадрлардың кетуіне алып келмейді ме?
-  бұл сыбайлас жемқорлықты дамытудың тағы бір мүмкіндігі болып табылмай ма? Сақтандыру төлемдерді алу мақсатында пациенттерден шағымдар ағынын алып келмейді ме? Зардап шеккен Тарап комиссия олардың жағдайын сақтандыру жағдайы деп тануы үшін бәріне келіседі және бұл да сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
    Заң жобасы бойынша жұмыс тобы шеңберінде жалғастырылатын болады.