Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін  "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының таныстырылымы өтті. Депутат Г.Нұрымова баяндамашыға екі сұрақ қойды: біріншісі сотталған әйелдердің балаларын пенитенциарлық үйде ұстауға қатысты. Екіншісі өте маңызды, ол 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғаларға қатысты. Қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты көптеген ұсталғандар жауап алу кезінде азаптауға, зорлық-зомбылыққа ұшырағаны белгілі. Депутат өзі Тараз қаласындағы СИ-13 екі рет болды, ұсталған балалармен сөйлесті, бұл фактілер расталды. Полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер де жүргізілгені белгілі. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты қанша іс қозғалды, олардың қаншасы сотқа жеткізілді және қанша адам сотталды? Жауапта кем дегенде таң қалдырған сандар айтылды: 357 қылмыстық іс қозғалды, бірде-бір іс сотқа жеткен жоқ және тек біреуі (үтікті қолдану фактісі бойынша) қаралуда.